Өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда, биыл қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5%-ға өсті. Бұл мәліметті Ұлттық статистика агенттігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21%-ға артты.

Бір жыл ішіндегі баға өзгерісі:

жаңа тұрғын үй – 19,5% қымбаттап, 423 705 тг/м2 болды;

қолданыстағы тұрғын үй – 26,8% қымбаттап, 465 515тг/м2 болды;

жалға алу – 21% қымбаттап, 3 567тг/м2 болды.

Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өсті – 27,9%-ға. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласы (48,3%).


Бір айдың ішінде (2022 жылғы маусым 2022 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,1%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда маусымда 1,1% төмендеді.