Созақта мал ұрысы сиырды Audi көлігіне сыйғызып жіберген

Поделиться:
Полицейлер рейд кезінде барымташыны мал ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Түркістан облысының Созақ ауданында болған. Түнгі рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатады.

Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбаған.

«Полицейлер шара қолданып, көлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды. Күдікті жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйіне апармақшы болған. Сиыр айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также