6 шілдеде Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райының қолайсыз болатынын ескертті.
6 шілдеде Ақтөбе облысында түнде және күндіз найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады.
Қызылорда облысының орталығында да найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл, жел болады. Өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай ауданының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстікте, батыстан, облыстың оңтүстік-шығысынан 15-20, екпіні 25 м/с болады. Батыста, облыс орталығында төтенше өрт қаупі бар. Семейде найзағай ойнап, жел күшейді.
Сонымен қатар,Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
6 шілдеде күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады.
Ұлытау облысының батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі де бар.
Қарағанды облысында және Қарағандыда найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Астана күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии