Таңғы, түскі және кешкі асқа да көк-сөкті талғажу ету семіздікке ұшыратады – дәрігер

Поделиться:
Эндокринолог Алексей Калинчев мұндай жағдайда адам энергияны жеңіл көмірсулар, тоқаштар мен кәмпиттерден алуға мәжбүр болады, бұл кейіннен семіздік пен тіпті қант диабетіне әкеліп соқтыратынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызанақ, қияр және басқа да көкөністер тамаққа жатпайды, өйткені оларда калория жоқ. Тек су ішіп, көк-сөк жеп жүрдіңіз делік. Яғни, ағзаңыз тек талшықтарды талғажу етті. Ал калорияны қайдан алады? Оларсыз өмір сүру мүмкін емес, адамға энергия қажет. Торттар мен кәмпиттерден бе? өз асқазаныңызды өзіңіз алдап, дұрыстап тамақ ішпедіңіз. Классикалық түскі ас - бұл күрделі көмірсулар, ақуыз және майлар, шартты түрде өсімдік майы немесе жануар майы. Әйтпесе, біз семіздік пен қант диабетіне барып ұрынамыз, - дейді диетолог ura.ru-ға берген сұқбатында.

Маманның тәжірибесіне сәйкес, тамақ режимінің бұзылу салдарынан соңғы кездері әйелдерде салмақ жетіспеушілігі жағдайында артық май массасы орын алатын Конституцияның жаңа түрі пайда болады.

Бұл дегеніміз сүйекте целлюлиттің ілініп тұруы. Яғни, ресми түрде семіздік жоқ, бірақ бұлшықет те жоқ, оның орнына май бар, – деп атап өтті Калинчев.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также