Елде Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды
Бұған дейін Pfizer вакцинасының соңғы сатып алынған партиясының жарамдылық мерзімі шілде айының соңына дейін екені хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның мерзімі өткен жоқ және сапасын жоғалтпады деп сендіреді.
Мұның бәрі сақтау шарттарына байланысты. Америкалық өндірушілер бұл партияны пайдалану мерзімін сәуір айында ұзартты. Талап - минус 90 градустан минус 60 градусқа дейінгі температураның сақталуы.
Маусым айының соңында Қазақстанда Pfizer-дің бірінші компонентін 1,2 миллионнан астам адам алды. Екінші компонент ретінде 1,1 миллионға жуық қазақстандыққа салынды.
Соңғы мәліметтер бойынша, елде америкалық препараттың 300 мың дозасы қалған. Ковид көрсеткішінің өсуіне байланысты дәрігерлер қазақстандықтарды вакцинациялау арқылы вирустан қорғануға тағы да шақырды.
Вакцинация және ревакцинация бізде тоқтаған жоқ. Елде вакцина тапшылығы жоқ. Pfizer, Vero Cell және біздің отандық QazVac вакцинасы. Әрбір азамат ұжымдық иммунитетті сақтау үшін ревакцинациядан өтуі керек. Вакцинация емханалар мен вакцинация пунктерінде жүргізіледі, - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.