Алтыншы Каспий саммиті қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.
Іс-шараға Иранның сыртқы саяси ведомствосының басшысы – Хосейн Амир Абдоллахиян, Ресейдің – Сергей Лавров, Түрікменстанның – Рашид Мередов және Әзербайжан СІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов қатысты.
Каспий бестігінің министрлері Каспий теңізіндегі жағалаудағы мемлекеттер ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ ү.ж. 29 маусымда Ашхабад қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен өтетін VI Каспий саммитінің Коммюникесінің жобасын келісті.
Алдыңғы Бесінші Каспий саммиті 2018 жылы Ақтау қаласында өтті, оның қорытындысы бойынша Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылды.
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}