Алматы қаласының прокуратурасы балалар сатылатыны туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік сайтты анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мамандар барлық хабарландыруды зерделеп шықты. Ұсыныс жасайтындардың басым бөлігі – жас аналар. Олар өз балаларынан бас тартып, уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімін алмай, баланы сатып алуды ұсынады. Сұраныс та жоқ емес. Балаларды заңсыз жолмен асырап алғысы келетін адамдар баршылық.
"Ал Қазақстанның неке және отбасы туралы кодексінің 196-бабына сәйкес тастанды бала ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс", - дейді прокурорлар.
Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның 2-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынған.
"Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінді. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды", - делінген ресми хабарламала.
Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Заң бойынша осы қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Қазақстанда сайттардың бірінде бала сатылған
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
28.06.2022
Новорожденных детей продавали на одном из казахстанских сайтов - прокуратура
28.06.2022
Министрлер еліміздегі сөз бостандығына қатысты пікірлерін айтты
28.06.2022
Костанайскому аэропорту официально присвоили имя Ахмета Байтурсынулы
28.06.2022