Енді қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Құжат қорытындысында атап өтілгендей, заңның мақсаты – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрғаны және басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту.
«Сондай-ақ ақпаратты жарнамалағаны немесе таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті заңдық тұрғыдан реттеуді қамтамасыз ету. Заң қаржылық пирамидадан зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті азайтады», - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Заң жобасы арқылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Парламент депутаттары бастамашы болған заң жобасы қаржы пирамидалары мен қаржылық алаяқтықпен күресу, осы тәріздес қылмыстарды бастапқы кезеңде тоқтату, финпирамидаларды жарнамалауды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында әзірленген.
Заң жобасындағы нормалардың бірі – қаржы пирамидаларын жарнамалауға қатысқан азаматтар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.