Түркістан облысының Жетісай ауданында жаңбыр мен бұршақ егіс алқаптарына залал келтірді. Осының салдарынан дақыл мен мақта алқаптары жарамсыз болып қалды, деп жазды Otyrar.kz.
"Менің егініме келген шығын миллион теңгеден асады. Бағасы қымбаттаған дизель отыны да шығынды арттырып тұр. Ал шіріген жүзімнен келген шығын 3 миллион теңгеден кем емес. Барлық жүзім шіріп кетті. Биыл жүзім болмайды", - дейді Айдала ауылының тұрғыны Бердияр Еділбаев.
Ол он гектар жерге жүзім, мақта, жүгері еккен.
Жаздың алғашқы күндерінде Қызылқұм және Ділдәбеков ауыл округтерінде аптап ыстық салдарынан мың гектарға жуық егінге зақым келгені хабарланды. Қазір шаруалардың шығыны ондаған миллион теңгеден асып жығылады. Енді диқандар күздің келуін үмітпен емес, үреймен күтіп отыр. Егінді сата алмағанмен, кредитті төлеуге тура келеді.
"Әкімдікке, ауыл шаруашылығы басқармасына бардық, бірақ олар ешқандай көмек көрсете алмаймыз дейді, бұл табиғи апат екенін алға тартып отыр", – дейді диқан Абдулла Мейірбеков.
Шенеуніктердің айтуынша, егін сақтандырылмаса, шығын өтелмейді.
Қазақстанның оңтүстігінде диқандар шығынға батып жатыр
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
25.06.2022
Аймағамбетов білім беру жүйесін реформалаудың Жапониядағы тәжірибесі туралы айтты
25.06.2022
Инвестиция тарту: Тоқаев Келімбетовке жұмысты жандандыруды тапсырды
25.06.2022
Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар беру туралы өкімге қол қойды
25.06.2022