Павлодар облысында балаларды құтқармақ болған екі ер адам суға батып кетті
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 маусымда сағат 15-52-де «112» пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында Торайғыр көлінде жабдықталмаған жерде ер адамдардың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
«2008 жылғы қыз бала мен 2013 жылғы ұл баланы құтқару кезінде Қарағанды облысында тұратын 1978 жылғы және 1986 жылғы екі ер адам суға батып кеткен. Балалар жедел медициналық жәрдеммен Баянауыл ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты», - делінген ТЖД хабарламасында.
Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері сүңгуір жабдығымен ер адамдарды іздеуге шықты.
«Іздеу жұмыстары сағат 19-00-де аяқталып, ер адамдардың денесі сағат 19-39-да судані шығарылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушы, 1 техника бірлігі және 1 жүзу құралы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді.
Павлодар облысының ТЖД азаматтарға жабдықталмаған жерлерде шомылмауға кеңес береді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.