Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз болып қалған
Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттардың атына мектеп мұғалімдерінен арыз-шағым көп түседі. Мемлекет жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша ұстаздарға берешек болып қалған.
"Пандемиядан кейінгі күрделі оқу жылын аяқтаған соң, 1 маусымнан бастап 300 мыңға жуық мұғалім еңбек демалысына шықты. Бірақ мұғалімдердің бір бөлігі өз демалысын лайықты өткізе алмай жүр, отбасылық жоспарын белгісіз мерзімге шегеруге мәжбүр. Оған оқу-ағарту министрлігінің бюджет жоспарлау мәселесіне салғырт қарауы себеп", - деді Кучинская оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке жолдаған депутаттық сауалында.
Айтуынша, трансфертті есептеу кезінде үкімет оқушылар контингентінің жыл сайын ұлғаятынын ескеріп, еңбекақы төлеу қорын индексациялау мәселесін есепке алмаған. Салдарынан министрлік жіберген олқылық, кейін бюджетті нақтылау кезінде бұл проблеманың қозғалмауы бюджет қаражатының тапшылығына әкеп соқты.
"Бюджет тапшылығынан мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын әлі алған жоқ, енді біріне еңбекақы толық төленбеген. Бұған қоса, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгені құрады", - деді Кучинская.
Ол мұғалімдер барлық инстанцияға мұң-мұқтажын жеткізіп жүргеніне қарамастан, министрлік үнсіз қалғанын атап өтті.
Мәжіліс депутаттары оқу-ағарту министрінен бұл мәселені тез арада шешуді талап етті.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.