Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағандарға жаза тағайындалуы мүмкін
Біздің ойымызша, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде қаржылық қылмыс жасауды мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтарға теңестіру дұрыс болар еді. Бұл орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, басқа мақсаттарға пайдалану, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі, дебиторлық қарызды негізсіз есептен шығару және т.б.
Наталья Годунова
Есеп комитеті басшысының айтуынша, бұл заңнамалық нормалар мемлекеттік аудит қызметіне жақсы негіз болады, сондай-ақ бюджеттің әр теңгесін игеру нәтижесі қатаң сұралып, сол арқылы бюджетті жұмсау тиімділігін арттырады.
2021 жылы тиімсіз пайдаланылған 413 млрд теңге мемлекеттік ресурстар анықталды. Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, Бюджет кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр.
Әңгіме бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану үшін мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының әкімшілік жауапкершілігін белгілеу туралы болып отыр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.