ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы мәселе бойынша негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жасады.
2021 жылы ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады. Экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8%-ға, құрылыс индустриясы – 7,6%-ға, көлік – 3,6%-ға, сауда – 9,2%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5%-ға өсті. Инфляция деңгейі 8,4% құрады (мақсатты дәліз 4-6% орындалды). Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды.
Спикердің айтуынша, республикалық бюджеттің негізгі параметрлері орындалды. Түсім 100,8 пайызға орындалып, 12,7 трлн теңгеге жетті. Шығындар 99,2 пайызға игеріліп, 15,2 трлн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызына жетті.
Жалпы, мемлекет әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындады.
Парламент депутаттары 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті мақұлдады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
20.06.2022
Қаржы министрі Есеп комитетінің мемлекеттік қарыз турасындағы сынына жауап берді
20.06.2022
В Счетном комитете подняли вопрос о возвращении планирования бюджета на один год
20.06.2022
Четыре человека погибли в ДТП в Туркестанской области
20.06.2022