Пойыз билетін жеңілдікпен сатып алуға болады
Ол үшін арнайы дисконттық картаны сатып алу қажет, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бүгіннен бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарға арнайы дисконттық картамен билетті 25 проценттік жеңілдікпен сатып алуға болады.
"Күміс" дисконттық картасының құны – 7 999 теңге. Оның жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап бір жыл. Дисконттық картаны билет кассаларынан сатып алуға болады. Ол дербес болып табылады және 16 жастан асқан жолаушыларға арналған, - делінген ресми хабарламада.
Билеттерді офлайн және онлайн сатып алу кезінде картаны пайдалануға болады. Әзірше бұл пилоттық жоба. Сондықтан карталар саны шектеулі.
Жол жүру құжаты (билет) тек бір жеңілдік тарифтік шарты бойынша сатылады және басқа жеңілдікті тарифтік шарттармен жинақталмайды. Жеңілдігі бар жолаушыларды теміржол билеттерін ресімдеу және сатып алу кезінде мұқият болуды және "жеңілдіктер" немесе "төмен бағалар" санатын дұрыс таңдауды сұраймыз, - дейді компания мамандары.
Айта кетері, бүгінде әлеуметтік маңызы бар бағыттарға 38 маршрут кіреді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.