Алматы облысында ер адам төбелес кезінде танысын өлтіріп алды
Полиция тергеу шараларын қолға алып, жәбірленушінің мас күйде жергілікті тұрғындардың бірімен төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады.
Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. 32 жастағы ер адам бір күн бұрын жәбірленушімен бірге дастарқандас болып, ащы сусыннан алған соң төбелескенін мойындады.
Ұсталған азамат жәбірленушіге екі ұялы телефонын ұрлады деп күдік келтіргенін айтты. Осыған байланысты екеуінің арасында жанжал басталып, ақыры кісі өлімімен аяқталған.
Күдікті қамауға алынды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Камшат Сатиева
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.