Азаматтарымызды отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге тиіспіз – Үкімет басшысы
Мемлекет басшысы алдымызға 2025 жылға дейін фармацевтика нарығындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Біз бұған дейін бірыңғай фармацевтикалық дистрибуция жүйесін енгіздік. Содан бері қазақстандықтардыдәрімен қамтамасыз етуге, бәсекеге қабілетті фармацевтика саласын дамытуға бағытталған жобаларсәтті іске асырылып келеді. Дегенмен, бірыңғай дистрибьютордың сатып алу жүйесін жүйелі түрде үнемі жетілдіріп отыру қажет, - деп атап өтті Премьер-министр.
Айтуынша, қазір бұл салаға мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді шарт жасасу арқылы қолдау көрсетіліп келеді.
Мемлекеттік қолдау ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар,отандық өндірушілерді экспортқа шығуға да ынталандыруы тиіс. Ол үшінелімізгеBіgPharma сияқты әлемдік фармацевтикалық өндірушілерді тарту мәселесін пысықтау қажет. Отандық өндірушілер озық технологияларды алып келіп, бірегей, инновациялық препараттарды өзімізде шығару үшін өнімнің сапасына баса мән беруі қажет. Азаматтарымызды отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге тиіспіз, - деді Әлихан Смайылов.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.