Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ға дейін жеделдеді. Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағы тұрақты серпін, қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі, экспорт көлемінің жоғары өсу байқалуда. Нақты сектордағы өсім 4,8%-ды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін ұлғайды. Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,5%-ды құрап отыр.
Инвестициялар білім беруде – 71,7%-ға, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 55,1%-ға,ғылыми және техникалық қызметте – 35,9%-ға, денсаулық сақтауда – 27,8%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 20,4%-ға, саудада – 13,9%-ға, құрылыс саласында – 10,7%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында байқалды, - деді Ұлттық экономика министрі.
Биыл 5 ай ішінде ел экономикасының өсуі 4,6%-ға жеделдеді – Әлібек Қуантыров
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
14.06.2022
Қазақстанда неке тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
14.06.2022
Цифровой ликбез: что стоит рассказать детям о безопасности в интернете
14.06.2022
Алматыда қаржы пирамидасының зардап шеккен салымшылары прокуратураға «шабуыл жасады»
14.06.2022