Жаңа апта басталды ау әйтеуір. Өткен жетіде фейсбук тұрғындарының милары армансыз зорланды ау а. Аяусыз, анайы түрде, извращенный формада зорланды. Соған көніп отырдық бәріміз, ия. Немесе одан да сорақысы - зорлаған сайын жаны кіріп жатты біразының.
Қадірменді фейсбукер қауым, осы сендер әлеуметтік желіні кәдімгідей еркіндіктің желі ескен бостандық аралындай көресіңдер ау деймін-а? Қайтейін, қайтейін сонша аңқау болғандарыңды. Әлеуметтік желі атаулы қажет кезінде қолдан басқарылатын, ел санасына ықпал ететін құралға айналғаны қай заман. Және оған сіздердің өздеріңіз тікелей себепші болатын. Тіпті басқаша айтар едім. Сол ықпал етудің басты құралы да сендер, сынақ жасайтын тышқандары да өздеріңсіңдер. Оны түсіну үшін көп ақылдың да керегі жоқ.
Мәселен кезінде Түркияда төңкеріс бола жаздағанда Эрдоғанға билікті сақтап қалуға вотсап желісі мен оны қолданушылар септескені естеріңізде болар. Жақсы жұмыс істеді сонда Реджеп көкенің пиарщиктері.
Ал Кремль сәл басқаша жолмен кетті. Өз әскери басқыншылық доктринасын елдің санасына сіңіру үшін ТВ ресурсты пайдаланды. Соловьев, Симоньян, Киселев сияқты маньяк ми зорлағыштарды жинап алды да, федералды ТВ эфирін 8 жылға басыбайлы соларға беріп қойды. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар.
АҚШ пен Украина политтехнологтары болса Ресей тв эфиріне шыға алмайтын болғандықтан, әлеуметтік желілерді аккупациялауға күш жұмсады. Және, өздеріңіз байқағандай, біршама жеңіске жетті.
Соның бәрін көріп, біліп отырып, сендер неге әлеуметтік желінің қазақ сигменті ондай интервенциядан азат, мұндағы талдау-талқылау алаңы манипуляциядан ада деп ойлайсыңдар?
Әлеуметтік желіні басқару алгоритмі басқа ақпарат құралдарынан сәл өзгеше әрине. Бірақ принцип сол баяғы ықылым заманнан өзгерген жоқ - даулы мәселені басқа бір даумен басу.
Осындағы "қоғам белсендісі", "лидеры общественного мнения" деп атап жүргендерді бәрің де көріп, біліп жүрсіздер. Біздегі ми зорлағыштар солар. Әділдік үшін айта кетейік, оларды да еңкейтіп, тоңқайтып жатқандар баршылық. Бірақ бұл қасқалар тым құрығанда зорланғаны үшін ақы алады ғой. Ал қалғандарың бұл оргияға тегін қатысып жүрсіңдер. Мәселен осында ұлы ойбай болып жатқан хиджаб-орамал дауына елірмеген адам қалмаған шығар тіпті. Ал солардың қаншасы Аймағамбетовтың интервьюін толықтай басынан аяғына дейін оқыды екен? Оқысаңыздар, интервьюдің қай жерінде, қай абзацында, қай сөйлемінде, қай сөзінде мектептерде хиджап киюге рұқсат береміз деп айтылыпты? Көрсетіп беріңдерші маған.
Неге сыпсың сөзге сонша үйірсіңдер, ағайын? Анық-қанығын анықтайын, бастапқы дереккөзді қарап шығайын осы төңіректегі басқа жаңалықтарды қарайын, салыстырайын деген ниет неге туындамайды осындайда? Мәселен, Аймағамбетовтың ондай сөзді айтпағанын білген кезде, "сонда бұл шу кімге тиімді болды?" деген сұрақ туар еді бастарыңызда.
Енді осыдан бұрын шу тудырған бірнеше жаңалықты қараңдаршы. Дәл осы даудың сәл ғана алдында Павлодарда өзге ұлттың вахаб-сақалды жексұрындары қазақ жігітін оңдармай сабап кетті. Онысымен қоймай, жігітке жақтасқан қызға айбат шегіп, қол көтергені көрсетілген видео тарала бастаған болатын. Содан бұл оқиға әлеуметтік желіде енді етек жая бастаған бойда, бұрыннан бері де ауық-ауық талас тудырып жүрген, бірақ пәлендей қауіпке ұласпаған хиджаб-орамал дауы бұрқ ете қалды. Содан ұшқыннан жалын лаулады да кетті.
Сонда кім бұл жолы әбден жауыр болған, мәселесі әлдеқашан шешілген теманы қайтадан қоздырған? Қайтадан кімге тиімді екенін көру керек. Әрине, алдымен вахаб-иттердің өздеріне. Неге? Себеп біреу ғана. Өз жамағаттарына, тұтастай экстремистік ағымына проблема тудыратын, қамау мен қудалауға ұшыратуы мүмкін жаңағы төбелестен ел назарын аударып әкету болды мақсат. Әрі жаңағы Павлодардағы сақалдыларын арашалап алмақ. Бұл хиджап темасы тумағанда мұндағы жұрт баяғыда-ақ қазақ жігітін сабаған жексұрындардың қанын, қанын болмаса, әділ сотталуын талап етер еді. Амал нешік, манипуляторлардың дегендері болды. ""ОРАМАЛ ШОУ" акциясы 100% нәтиже берді. Ел сабалған қандасын ұмытты да, жайына лағып кете барды.
Тағы кімге тиімді болды бұл дау? Әрине билікке. Олар өз мүддесін ойлады. Билікке дәл қазіргі уақытта ұлтараздық тудыратын жаңағы оқиғаның өршіп кеткені керек емес еді. Сондықтан, елдің бұл акцияны тезірек ұмытқаны қажет болды. Артық проблема ешкімге керек емес. Демек бұл жолы билік пен фахаб-иттердің мүдделері бір жерден шықты. Әйтпесе неге әншейінде журналисттерге де, блогерлерге де, өткен-кеткеннің бәріне әрдайым ашық, интервью бергіш Аймағамбетов бұл жолы бәрінен қашып-пысып жүрді? Ол ерте ме, кеш пе, шығады да, өз түсіндірмесін береді. Және содан кейін орамал дауы мүлде басылады. Есесіне қазақ жігітін соққыға жыққан оқиға да мүлде ұмыт болды. Құда да тыныш, құдағи да тыныш заман жалғасын тапты. Құттықтаймын бәріңізді. Қатты айтсам кешірерсіздер.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии