Алматыда жеңіл көлік әскери «КамАЗ»-дың астына кіріп кетті

2022-06-08 08:20:18
Алматыда жеңіл автокөлік әскерилер мінген КамАЗ-бен соқтығысты, деп хабарлады sputnik.kz.

Куәгерлердің айтуынша, батыс бағытта Красногорская көшесімен келе жатқан әскери КамАЗ 70-ші разъездге солға бұрылып жатқан. Осы уақытта батыс бағытта Chery Tiggo кроссовері де келе жатқан. Белгісіз себептерге байланысты, жеңіл көліктің жүргізушісі бар жылдамдықпен КамАЗ-дың астына кіріп кетті. Қатты соққыдан машинаның алдыңғы бөлігінің быт-шыты шыққан.

Куәгерлердің сөзіне сенсек, иномарка жүргізушісі мен жолаушысы мас болған. Екеуі де зардап шекті. Олар ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталуда.

 

Последние новости

08.06.2022
Сәрсенбі күні 5 өңірде қатты ыстық болады
08.06.2022
Основные причины эмоционального выгорания на работе
08.06.2022
О дружбе
08.06.2022
ЦИТАТА ДНЯ
08.06.2022
Гороскоп на 8 июня
07.06.2022
Мифы о собаках
07.06.2022
Ескі үкіметпен жаңа Қазақстанды қалай құруға болады – Тоғжановтың жауабы
07.06.2022
Референдум арқылы қабылданған Конституциядағы түзетулер күшіне енді