Референдум арқылы қабылданған Конституциядағы түзетулер күшіне енді

2022-06-07 12:21:02
7 маусымда Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен референдумдағы дауыс берудің соңғы қорытындысын жариялады.

Дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық қатысты. Оның ішінде:

6 163 516 адам (77,18%) жақтап дауыс берді;

Қарсы болғандар – 1 490 470 адам (18,66%).

Екі нұсқаны да таңдағандар саны 1,58% (125 859 адам) болды. Белгіленбеген немесе сайлаушының таңдауын анықтау мүмкін емес болған бюллетеньдер саны – 2,58% немесе 205 924.

Дауыс берушілердің 68,05 пайызы қатысты.

«Осылайша, Республикалық референдум туралы Конституциялық заңның 31 және 34-баптары негізінде еліміздің негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдумда қабылданған шешім тиісті күшіне енеді және актілермен қосымша растауды талап етпейді. Референдумда қабылданған Конституцияғлық өзгерістер мен толықтырулар референдум қорытындылары туралы ресми есеп жарияланған күннен бастап күшіне енеді», – деді Қазақстан Республикасы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі Нұрлан Әбдіров.

Айта кетсек, 6 маусымда дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланды, ол түпкілікті нәтижеден айтарлықтай ерекшеленбейді. Бас прокуратураға референдум бойынша алты өтініш түсті, бірақ жалпы дауыс беру еш қиындықсыз өткен.

 

Последние новости

07.06.2022
Асхат Аймағамбетов: Бала мектепке келгенде оны директор қарсы алуы керек
07.06.2022
Студенттердің тәжірибеден өте алатынын, өте алмайтынын ешкім қадағаламайды – Аймағамбетов
07.06.2022
Қайрат Нұртай ҚР президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі атанды
07.06.2022
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыс істеп тұр
07.06.2022
Полиэтилен экспортына тыйым салынды
07.06.2022
Мектептегі апта сайынғы жиында әнұран айту міндетті болуы мүмкін – Білім министрлігі
07.06.2022
Ана өлімі, оқушы қыздардың жүктілігі, суицид: Қазақстанда әйелдер саны азайып барады
07.06.2022
Асхат Аймағаметов Білім және ғылым министрлігін бөлуге қатысты пікір білдірді