Асхат Аймағамбетов: Бала мектепке келгенде оны директор қарсы алуы керек

2022-06-07 12:21:01
Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов бала мектепке келгенде оны директор қарсы алуы керегін айтты.

Биыл әдістемелік нұсқаулықта тәрбие жұмысына қатысты мәселелерді қарастырып, тиісті ұсыныстарды бердік. Соның ішінде былтыр «Директорлар балалар мектепке келгенде қарсы алуы керек» деген талапты қойдық. Бұл бұрыннан қалыптасып келе жатқан жақсы дәстүр болатын. Көп мектепте бұл дәстүр сақталған. Көптеген тәжірибелі директор осы ұстанымды сақтайды. Жалпы балаларды таңертең қарсы алып, оларды мектепке кім алып келе жатыр, баланың көңіл-күйі қандай, киген киіміне көңіл аударса, бұл алдағы уақытта тиімді жұмыс істеуге септігін тигізеді, - деп айтты Білім басшысы.

Асхат Аймағамбетов барлық мектеп осы ұсынысты қабылдап, тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

 

Последние новости

07.06.2022
Студенттердің тәжірибеден өте алатынын, өте алмайтынын ешкім қадағаламайды – Аймағамбетов
07.06.2022
Қайрат Нұртай ҚР президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі атанды
07.06.2022
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық өткізу пункті жұмыс істеп тұр
07.06.2022
Полиэтилен экспортына тыйым салынды
07.06.2022
Мектептегі апта сайынғы жиында әнұран айту міндетті болуы мүмкін – Білім министрлігі
07.06.2022
Ана өлімі, оқушы қыздардың жүктілігі, суицид: Қазақстанда әйелдер саны азайып барады
07.06.2022
Асхат Аймағаметов Білім және ғылым министрлігін бөлуге қатысты пікір білдірді
07.06.2022
Балаларға қатысты кибербуллинг туралы өтінімді арнайы сараптама тобы қарайды