Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

2022-06-03 16:20:28
Ақтауда 2 маусым күні суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды.


Lada.kz порталының жазуынша, құтқарушылар 2 маусымда 2005 жылы туған жасөспірімнің суда жүзіп жүріп батып кеткен денесін жағадан жүз метр қашықтан тапқан.

16 жастағы бала арнайы тақтаймен (SUP-борд) теңізге шыққан.

«Таңғы сағат 8:35-те Каспий теңізінің жағалауында Төтенше жағдайлар департаментінің күштері 2 маусымда серфингпен жүзіп жүріп суға батып кеткен 2005 жылғы жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарды», - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға тергеушісі Есен Борашев.

Белгілі болғандай, қайтыс болған жасөспірім Бейнеу ауылының тұрғыны екен.

Еске салсақ, кеше, 2 маусымда ТЖД-іне жасөспірімдердің суға батқаны туралы бірден екі хабарлама түскен: үш баланың екеуін құтқарып қалудың сәті түсті.