Отанға оралған қандастардың басым бөлігі қай елден келгені белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8% және зейнеткерлер саны 14%.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.