Маусым айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді

2022-06-03 08:21:16
Зейнетақы мен жәрдемақылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында индекстелді.

2022 жылдың 12 мамырында қабылданған «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы шеңберінде 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап инфляцияның 2022 жылға арналған дәлізін қайта қарауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін ынтымақты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4%-ға индекстелді, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 4%-ға артты, - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» таратқан хабарламада.

Заңға сәйкес 1 сәуірден бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 37 389 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге.
Маусым айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алушылар ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларының қосымша ақысын ескере отырып, төлемдерді жоғары мөлшерде алатын болады.

Жоғарылайтын төлемдердің жалпы сомасы 6,6 млн.