Алматыда 17 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікпен екі ер адам ұсталды

2022-06-02 16:20:17
Алматыда кәмелетке толмаған қыз баланы айуандықпен өлтірген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Алмалы аудандық полиция басқармасына 2005 жылы туған қыздың анасы жүгінді. Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған қызы 24 мамыр күні үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.


«Е. есімді қыздың қайда жүргенін анықтау мақсатында тергеу тобы құрылып, оның жоғалып кетуіне қатысы бар адамдарды анықтады. Олар Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам болып шықты. Қыз олармен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктілер 17 жастағы қызды өлтіргендерін мойындаған.

«Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп, Қапшағай су қоймасына жақын жерге көміп тастаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп атап өтті департаменттен.

Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша полиция басқармасы жүргізетін болады.

 

Последние новости

02.06.2022
Маңғыстау облысындағы тас жолда жүк көлігі өртеніп кетті
02.06.2022
Алматының қай өзен-көлдеріне шомылуға рұқсат бар
02.06.2022
Министр әлеуметтік осал топтарға мектеп формасын емес, ақшалай көмек беруді ұсынды
02.06.2022
Елордада ер адам кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды аяусыз соққыға жыққан
02.06.2022
Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ҒӨК мемлекетке қайтарылады – министр
02.06.2022
Белгілі тележүргізуші «Қазақстан аруы» байқауының президенті болып тағайындалды
02.06.2022
Былапыт сөз айтқан, ішімдік ішкен өнерпаздарды 5 жылға сахнадан аластату керек – Нұртөре Жүсіп
02.06.2022
Тіл саясатын дамытуға ат салықсан жандар үшін жаңа төсбелгі тағайындалды