Алматының қай өзен-көлдеріне шомылуға рұқсат бар

2022-06-02 12:20:24
Алматыда шомылуға рұқсат етілген орындар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Исхар Савазовтың айтуынша, Алматы аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленді.

«Олар – Сайран көлі (Алматы ауданы жағында, Төле би көшесінен 200 метр жерде); Сайран көлінің батыс жағы (Әуезов ауданы жағында, Төле би көшесіне қарама-қарсы 300 метр жерде); «Баум бағы» маңындағы Д. Қонаев атындағы үлкен Алматы каналының бойы; Гүлдер демалыс аймағы. Осы 4 су қоймасынан басқа Есентай, Кіші Алматы өзендері сияқты тау өзендерінде суға түсуге тыйым салынады», - деді Исхар Савазов.

Сонымен қатар ол суда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар қауіпсіздік ережесін сақтауды сұрады. Рұқсат етілмеген жерге шомылуға, жүзе білмейтін адамға суға түсуге, жағалаудан алысқа кетуге, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға, түнде әрі мас күйінде суға түсуге тыйым салынады.

«5 адамнан тұратын құтқару қызметі жағалауларда тәулік бойы кезекшілік етеді. Олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Рейд шаралары суға түсуге рұқсат етілген жерлерде ғана емес, тыйым салынған жерлерде де өткізілуде. Дрондар халықты ақпараттандыру үшін де қолданылады», - дейді спикер.

Айта кетейік, рұқсат етілмеген жерлерде суға түскендер әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлейді.

 

Последние новости

02.06.2022
Министр әлеуметтік осал топтарға мектеп формасын емес, ақшалай көмек беруді ұсынды
02.06.2022
Елордада ер адам кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды аяусыз соққыға жыққан
02.06.2022
Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ҒӨК мемлекетке қайтарылады – министр
02.06.2022
Белгілі тележүргізуші «Қазақстан аруы» байқауының президенті болып тағайындалды
02.06.2022
Былапыт сөз айтқан, ішімдік ішкен өнерпаздарды 5 жылға сахнадан аластату керек – Нұртөре Жүсіп
02.06.2022
Тіл саясатын дамытуға ат салықсан жандар үшін жаңа төсбелгі тағайындалды
02.06.2022
Чем не должен заниматься премьер Смаилов?
02.06.2022
Банктің жалған қызметкері Ақтөбелік тұрғынды 22 млн теңгеге алдап кетті