Семейде беті қайтпай жатқан ірі орман өртімен 400-ге жуық адам күресуде
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымда сағат 14.27-де «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 160 гектарды құрады.
«Жалынның беті әлі қайтпай жатыр. Өртті сөндіруге департаменттің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері мен орманшылар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сол жерде 399 адам және 85 техника жұмыс істеп жатыр. Семей қаласында өрт қауіптілігінің бесінші деңгейі жарияланған», - делінген ақпаратта.
Алдын ала болжам бойынша, өрт найзағайдан шығуы мүмкін. Әуеден мониторинг жасау үшін «Ми-2» тікұшағы тартылды. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде орман өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.