3,3 млн оқушы жазғы демалыс лагерімен қамтылады
«Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру ерекше назарда. Оның тиімділігін арттыру, кадрлық әлеуетін дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Мамыр айында балалар лагерлерінің студенттік педагогикалық жасақтарының қатысуымен «Балалық шақ навигаторлары» республикалық слеті өткізілді. Жергілікті әкімдіктер демалыс лагерлерін, мектеп жанындағы алаңдардың, жазғы мектептердің жағдайын қарастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Осыған дейін екі жыл карантиндік шектеулермен демалыс ұйымдастыру толық іске асырылмаған болатын. Ал биыл жазғы уақытта 3,3 млн оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Көрсеткіш 31 пайызға артады. Десек те, қала сырты лагерьлерінің санын арттыру қажеттілігі бар», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгін Балаларды қорғау күні Мемлекет басшысының қатысуымен Алматы қаласында 6 мыңнан аса баланы қамтитын «Балафест» мерекелік іс-шарасы өткізіліп жатыр.
«Сонымен қатар әр өңірден балалардың Нұр-Сұлтан қаласына саяхаты ұйымдастырылды. Өңірлерде Балалар күні мерекесі ауқымды форматтарда өткізілуде», - деді Шолпан Каринова.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.