Спорт саласындағы лауазымды тұлғалар тексерушіге пара бергені үшін сотталды - Антикор

2022-05-31 08:20:22
Спорт саласындағы лауазымды тұлғалар тексерушіге пара бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды", – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Последние новости

31.05.2022
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты
31.05.2022
Судың жоқтығынан жайылымдық жерлердің 60 пайызын пайдалана алмай отырмыз
31.05.2022
Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті
31.05.2022
Ақпарат министрі Ресейдегі TikTok өкілдігінің бас директорымен кездесті
31.05.2022
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні: қандай көмек берілді
31.05.2022
Изменения в Конституцию отразятся на жизни всех казахстанцев – А.Оралов
31.05.2022
В каких приложениях больше всего времени проводят казахстанские дети?
31.05.2022
Головкиннің «Канеломен» үшінші жекпе-жегі: промоутер өтетін орын туралы мәлімдеме жасады