Жолсеріктер пойызда толғағы басталған әйелді босандырып алды
Күтпеген жағдай "Аққыстау-Атырау" аралығында "Астрахань-Атырау" қатынасындағы №626 жолаушылар пойызында болды.
Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Құрам Ганюшкино станциясынан жөнелтілгеннен кейін Кенжегүлде таңғы сағат 5-те толғақ басталды. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажетті шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртты.
Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті.
Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған.
"Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Сәуле Ілиясова.
Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.