УЕФА Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды
Мұндай айыпқа Қазақстан футбол федерациясы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен биыл 29 наурызда өткен ойын кезінде жанкүйерлердің трибунадан зат лақтырып, алаңға жүгіріп шыққаны үшін ілігіп отыр. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің қолдауына алғысын білдіре отырып, Ұлттар лигасында 3 маусым күні елордада «Астана Аренада» Әзербайжан құрамасымен өтетін матч қарсаңында үндеу жариялады.
Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың матчтарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарда қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз. Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз, – делінген онда.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.