Павлодар облысында 10 тонна күнбағыс тиелген жүк көлігі жанып кетті
Оқиға видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда тасжолда жанып жатқан автомобиль қалған көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ, жүк көлігінің жанында шөп жанып жатыр.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 мамырда сағат 12.06-да түскен.
"Республикалық маңызы бар Павлодар - Успенка - РФ автожолында пластик ыдысқа құйылған шамамен 10 тонна өсімдік майы тиелген 2004 жылы шығарылған Krone ZZF 18 маркалы тартқыш толығымен жанып кетті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Өртті сөндіруге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Сағат 13.50-де өрт толықтай жойылды.
"Жүк Новосібірден Бішкекке қарай Қазақстан шекарасы арқылы бара жатқан. Сондай-ақ, ауданы 500 шаршы метр және 4 гектар болатын екі ошақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 14.40-та сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді ведомство өкілдері.
Оқиға себебі мен залал анықталып жатыр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.