Алматыда көлік дәмхана алаңына кіріп кетті – бір адам зардап шекті
Белгілі болғандай, оқиға 24 мамыр күні сағат 19:47-де болған. «Тойота Камри» көлігін тізгіндеген жүргізуші Төле би көшесімен келе жатып Әуезов көшесіне бұрылмақ болады. Сол сәтте Төле-би көшесімен шығысқа қарай келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. Ол көліктің жүргізушісі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен.
«Жол-көлік апаты салдарынан «Тойота» автокөлігі қатты екпінмен Төле би көшесімен шығыс бағытта жүрген қалпы рөлді басқара алмай, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимараттың жазғы алаңына кіріп кеткен. Оқиға салдарынан зардап шегіп бір әйел Алматыдағы ауруханалардан біріне жеткізілді», - деп хабарлады қалалық ПД өкілдері.
Ведомства өкілдері, аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелгенін айтты. Оның нәтижиесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.