Петропавл жылу электр орталығындағы апат: құлаған мұржа сүрілетін болды
"Мұржаны алып тастаймыз. Сынама нәтижесі оның іске жарамсыз екенін көрсетті", - деді ол.
Оның айтуынша, қазір 12 қазандықтың 11-ін іске қосу және олардың екі мұржаға таралуы жөнінде техникалық шешім қабылданып жатыр.
"Солтүстікқазэнерго" АҚ басшылығымен күнделікті байланыстамыз. Ол жаққа апта сайын барамыз. Тоғыз қазандық жұмыс режимінде болуға тиіс. Күн суытқанда 10 қазандық жұмыс істеп, біреуі резервте тұруы керек. Қажетті қаражат табылды. Инвесторлар жөндеу жұмыстарын өз қаражаттарына жүргізеді. Шамамен 17,5 млрд теңге қажет. Тариф сол қалпына қалады, оны көтермейміз. Тұрғындарды дәл осы мәселе мазалаған болатын", - деді Ақсақалов.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады.
Үйінділер арасынан 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қаза тапқан машинист әйел қазандық цехында жұмыс істеген. Қазандықты бақылауға жауап берген. Артында 15 жастағы баласы және күйеуі қалды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.