«Далада қаламын ба деп қорқамын»: Шымкенттен Екібастұзға көшкен көпбалалы аналар облыс басшысымен кездесті
«Бірінші Павлодарға бардым, дегенмен онда тіркеуге қойған жоқ, ешқандай жағдай жасаған жоқ. Екібастұзда екі апта жүріп, тіркеуге зорға тұрдым. Баспананы жалға алу бойынша келісімшарт, тіркеуге тұру мәселесімен өзіміз жүгіреміз. Осындағы көпбалалы аналарға баспана бере алмай жатырсыздар. Не үшін бұл бағдарламамен шақырдыңыздар?! Балаларымды да мектепке алған жоқ. Мектепте бұл біздің аудан емес деп алмайды, басқа ауданға барсам олар да алмайды. Не жұмысқа тұра алмаймын», - деді көпбалалы ана.
Көпбалалы, жалығызбасты ана бір жылдан кейін жалға берілген баспананың мерзімі аяқталатынына алаңдаушылық білдірді.
«Сосын тағы да далада қаламыз ба?! Әкімшіліктен әкімшілікке осылай жүгіруіміз керек пе? Орынбасарлаға жолықтым, сәл болса да көмектесті, бірақ әлі жауап жоқ. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша оңтүстіктен қаншама отбасы қоныс аударып жатыр», - деді ол.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова «Еңбек» бағдарламасының ережесі бойынша елдімекенге қоныс аударғаннан кейін бір жылдай тұрғын үйді жалға алу үшін субсидия берілетінін айтты.
«Дегенмен ол 12 айға ғана қарастырылған. Қазір үйлер бос емес, ол жерде де көші-қон бағдарламасымен келген адамдар тұрып жатыр. Субсидия аяқталғаннан кейін, тұрғын үй бос болса, сізге беріледі. Дегенмен келесі жылы ол үй бос бола ма, жоқ па екенін айта алмаймын», - деді Альмира Дисюпова.
Облыс әкімі бұл мәселені бақылауға алып, шешіп беруді тапсырды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.