Еліміздің бірқатар аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР оңтүстік-батысында, оңтүстігінде – шаңды дауыл», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болып, облыстың батысында, шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнап, жел 15-18 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың шығысында найзағай ойнайды.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.