Павлодарда сүйіктісімен айырылғанға көндіге алмаған ер адам жиһаз бен тұрмыстық техниканы балконнан лақтырған
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оларға көршілердің бірі қоңырау шалған. Айтуынша, төртінші қабаттың балконынан әлдекім киім, кілем, кресло мен тұрмыстық техника сынды заттарды лақтырған.
"Бұл жағдай күндізгі уақытта болған. Аулада көп адам, соның ішінде балалар жүрген. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ауладағы бақша ішінен жерге лақтырылған мүліктерді тапқан. Полицейлер тәртіп бұзған ер адамның пәтеріне көтерілген және ол жабырқаулы күйде болған", - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінен.
Құзырлы органның дерегінше, ер адам полиция қызметкерлеріне мұңын шаққан. Айтуынша, жақында бірге тұратын сүйіктісімен айырылысқан. Содан бері өзін қоярға жер таппай жүрген көрінеді. Десе де полицейлер көршілердің тыныштығын бұзған ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасаған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.