ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцинациялау қажет емес деп санамайды

2022-05-24 08:20:16
Жалпы бүгінге дейін Еуропа мен Солтүстік Америкада адамдарда маймыл шешегін жүзден астам адам жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа мен Солтүстік Америкада тіркелген маймыл ауруын адамның жұқтыру жағдайлары бұл ауруға қарсы жаппай вакцинациялауды қажет етпейтінін айтты, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы ерекше қауіпті потагендер бөлімшесінің басшысы Ричард Пебоди инфекцияның таралуын бақылауға жеке гигиенаны сақтау мен қауіпсіз жыныстық қатынас жеткілікті екенін айтты.

Жұқтырғандармен байланыста болғандарды анықтау және жұқтырғандарды оқшаулау маймыл шешегінің індетін бақылаудың негізгі шаралары болып саналады.

Бұған дейін Германияның Денсаулық сақтау министрлігі де маймылдың адамдар үшін аса қауіпті емес екенін айтқан болатын.

Жалпы алғанда, Еуропа мен Солтүстік Америкада осы уақытқа дейін адамдарда маймыл шешегін жұқтырудың жүзден астам жағдайы тіркелген.