Өзбек-қырғыз шекарасында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Поделиться:
Сенбіде сағат 15.30 шамасында Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында ірі жол апаты болды, соның салдарынан 9 адам қаза тапты.

Бұл туралы Өзбекста ІІМ-нің баспасөз хатшысы Шохрух Гиясов телеграмм-каналында жазды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстанның Ферғана облысының Сох ауданы аумағындағы шекара бекетінде Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Соның салдарынан көлік иесі оны басқара алмай бақылау өткелінде тұрған 12 көлікті қиратқан.

Оқыс оқиғадан тоғыз адам қаза тапқан, оның біреуі Өзбекстан азаматы болса, қалған сегізі Қырғызстан азаматтары.

Сондай-ақ тежегіші істен шыққан жүк көлігі сағатына 70-80 км жылдамдықпен келе жатқаны айтылды.

Аталған оқиғаға қатысты қазір тексеріс жүріп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также