Оралда Toyota автокөлігі бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жантүршігерлік оқиға бүгін таңда шамамен сағат 05.05-те Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында болды.
«Пост» аялдамасы тұсында жүргізуші автокөлік руліне ие бола алмай, жарнама қалқаны бағанына соғылған. Автокөлікте жүргізушіден басқа 2002 жылғы қыз болған.
Олардың екеуі де ауруханаға жеткізілгенімен, қыз есін жия алмастан қайтыс болды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс арттырмау керектігін еске салады.
БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің толықтырғанындай, құтқарушылар автокөлік ішінде қыстырылып қалған 1993 жылғы жүргізушіні шығарған. Оқиға орнына төрт құтқарушы бір техникамен барды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 25 велосипед ұрлаған тұрғынды әйелі ұстап бергенін жазған болатынбыз.
Оралда Toyota бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
22.05.2022
Алматыда балаларына алимент төлемей жүрген ер адам көлігінен айырылды
22.05.2022
«Әкесін танымады». Маңғыстауда әскерге аттанған жас бір аптадан соң үйіне оралды
22.05.2022
Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады
22.05.2022