Ресей мен Украинаның 35 мыңнан астам азаматы Қазақстаннан ЖСН рәсімдеген
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ЖСН-ді (жеке сәйкестендіру номері) кәсіпкерлік пен қаржылық операциялар жүргізу үшін шет мемлекеттің кез келген азаматы ала алатынын хабарлаған болатын. ЖСН-нің болуы азаматтықты немесе біздің елде тұруға ықтиярхатты білдірмейді. Бұл Ресейде көптеген қаржы институттарының процедуралық жұмысына тосқауыл қойылғандығына байланысты. Сондықтан көрші ел азаматтары бізге жүгінді.
«24 ақпан мен 17 мамыр аралығында Қазақстанда Ресей Федерациясының 34 960 азаматы ЖСН алды. Осы кезеңде Украинаның 606 азаматы біздің елден ЖСН алды», — деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото:
Арайлым Айжанованың жеке мұрағатынан
Жақында танымал ресейлік әнші Лев Лещенко Алматы ХҚКО-да жүргенін БАҚ жазды. Ол Медеу аудандық ХҚКО-на ЖСН алуға келген. ІІМ ол ыхтиярхат алу үшін өтініш бермегенін хабарлады.
Бұған дейін Қазақстанда ресейліктер үшін Қазақстан құжаттары еркін саудаланып жатқанын жазған едік
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.