Жеңілдетілген автокредит: алғашқы күні 2 мыңнан аса өтінім түсті
"Кеше Банк Центр кредит 1010 өтінім, ал Еуразиялық банк 1200 өтінім қабылдады. Қазір олар өңделіп жатыр. Яғни бір күнде екі мыңнан астам өтінім түсті", - деді Өскенбаев үкімет кулуарында.
Осы орайда министр автосалондардағы кешегі дүрбелең мен ұзын-сонар кезекке қатысты да пікір білдірді.
"Бұл әдеттегі процедура. Үкімет уәде бергендей, 16 мамырда банктер өтінім қабылдай бастайды. Бұл да біздің мәдениетіміз ғой, егер бәріміз бір уақытта, таңғы сегіз-тоғызда бармасақ, мұндай кезек болмас еді. Қазір мысалы ұзын-сонар кезек жоқ", - деді ол.
Еске салсақ, 16 мамырда 4%-тік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы басталды. 16 мамыр түстен кейін өтінімдерді тек Банк Центркредит пен Еуразиялық банк қабылдады. Қалған банктер аптаның соңына қарай қосылады.
Жалпы автокредитті барлығы төрт банк – Халық банкі, Банк Центркредит, Forte Bank және Еуразиялық банк береді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.