Мал шаруашылығында субсидиялаудың көптеген бағыттары жүйелендіріледі – министр
Жем-шөп өндірісін дамыту жөніндегі Жол картасында көзделген барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығы бойынша субсидия алушылар үшін субсидиялау тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жемшөп өндірісі бойынша қуаттардың және ауыспалы егісте жемшөп алқабының болуы бойынша міндетті талаптар енгізілетін болады. Кепілдендірілген азық базасынсыз жұмыс істейтін мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз деп санаймыз, - деді ведомства басшысы.
Қарашөкеевтің атап өтуінше, бақылаушы органдардың ұсынымдарына сәйкес субсидиялаудың қазіргі көптеген бағыттары жүйелендіріледі және оңтайландырылады. Бұл ретте ғылыми негізделген нормаларды ескере отырып, субсидиялау нормативтері қайта қаралатын болады.
Мал шаруашылығын білікті мамандармен, ең алдымен ветеринарлармен және зоотехниктермен кадрлық қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Бұл жерде әңгіме жоғары білімі бар мамандар туралы ғана емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждер даярлаумен айналысатын орта буын мамандары туралы да болып отыр, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Сондай-ақ, министр "Дипломмен ауылға" бағдарламасын күшейту арқылы ауылдық жерлерде кадрларды бекіту мәселесін шешу, оның нормаларын орта буын мамандарына да тарату міндеті тұрғанын атап өтті.
Ветеринария жүйесін реформалау есебінен мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсету сапасын арттыру. Министрліктің мал шаруашылығын дамытудағы және оның тұрақтылығын арттырудағы негізгі тәсілдері осындай, - деді ведомства басшысы.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.