Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін 5 мың км суасты кабелі байланыстыратын болады

2022-05-17 08:20:21
2024 жылға қарай Қытайды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланыстыратын ұзындығы 5 мың шақырымдық суасты кабельдер жүйесі пайдалануға берілмек. Бұл туралы мегажоба серіктестерінің бірі болған қытайлық CMI телекоммуникация компаниясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

SEA-H2X деп аталатын суасты кабельдік жүйесі Гонконг, Хайнань, Филиппин, Таиланд, Малайзия және Сингапурды өзара байланыстырып, болашақта Вьетнам, Камбоджа және Индонезияға дейін жеткізілмек. Өткізу қабілеті 160 терабит/сек болатын 8 жұп оптикалық талшықтан тұратын кабельдің ұзындығы 5000 км болады.

Жоспарға сәйкес, инфрақұрылым 2024 жылға қарай пайдалануға дайын болуы тиіс.

Жобаның тағы бір серіктесі — CUG телекоммуникациялық компаниясының мәлімдемесінде суасты кабелінің цифрлық дәуірде сенімді, қауіпсіз және қолжетімді жаһандық желілік қосылымдарды құру үшін өте қажет екені, SEA-H2X аймақта қуаты жоғары, маңызды жүйе ретінде Гонконг АЭА, Хайнань ЕЭА және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты одан әрі жақсартып, үздіксіз сауда, байланыс және қаржылық интеграцияға ықпал ететіні айтылған.

 

Последние новости

17.05.2022
Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды
17.05.2022
Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 млн теңгесінен айырылып қалды
17.05.2022
17 мамырға арналған ауа райы болжамы
17.05.2022
Сүңгуірлер теңізге батып кеткен үш жігіттің де денесін тапты
17.05.2022
7 неожиданных причин есть петрушку каждый день 
17.05.2022
Вкус Жизни.
17.05.2022
ЦИТАТА ДНЯ
17.05.2022
Гороскоп на 17 мая