Мақпал Жүнісова қызы Мереймен түскен видеосын жариялады
Отандық өнер жұлдызы қызы Мерей туралы шындықты айтқан соң, көпшілік олардың отбасылық қарым-қатынасына алаңдаған болатын.
Естеріңізде болса, Мақпал Жүнісова қызы Мерейді туған бауырынан асырап алғанын халыққа жария етті. Ол алдымен видеоүндеу жасап, кейін Нұр-Сұлтан қаласында өткен жеке концертінде шындықтың бетін ашқан болатын.
"Бауырға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырына баспай жатыр? Зәкең екеумізде екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін Зәкең менің туған бауырымның баласын сұрады. Менің анам Зәкеңе кетәрі деп айта алмады. Зәкең өзінің тегін беріп, қыз 18 келгенде айтам дейтін. Қазір қыз 20-ға келейін деп жатыр. Менің бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Қызым өзінің бауырларын білсін деп айттым.
Кінәламаңыздар", - деген болатын Халық әртісі.
Осыдан соң, Мақпал Жүнісова мен Мерей Заманбекқызының әрі қарайғы тағдырына алаңдаған халықтың көңілі жай тапқандай болды.
Ал әлеуметтік желіге қызымен бірге отырған видеосын салған әншіге көпшілік ыстық ықыласын білдіріп, сүйіспеншіліктерін жеткізуде.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.