Жамбыл облысында 3-сынып оқушыларын зорлады деген күдікті ұсталды

2022-05-13 08:21:47
Сот санкциясымен 30 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеушілердің айтуынша, бұл жағдай наурыз айында қараусыз қалған ғимаратта болған, деп мәлімдеді КТК.

Болған жайт туралы зардап шеккендердің бірінің анасы хабарлады. Оның тоғыз жасар ұлы ауруханаға түсті. Дәл сол кезде дәрігерлер баланың ауыр жарақат алғанын анықтаған.

Шу ауданы тұрғындарының айтуынша, ұсталған азамат жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болған. Бірақ облыстың бас имамы мұны жоққа шығарып отыр. Болжам бойынша, күдікті бұған дейін де мектеп оқушыларына зәбір көрсетіп келген. Полиция әзірге мәліметтерді жарияламай отыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Шу ауданының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Шу аудандық соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.