Алматыда көліктен ер адам өлі табылды

2022-05-05 12:20:21
Алматыда көліктен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Айнабұлақ ықшамауданында, "Белес" сауда үйі маңында көліктен ер адам өлі табылған. Алматы полициясы мәліметінше, адам өліміне тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін.

"4 мамырда Айнабұлақ ықшамауданында "Тойота" автокөлігі ішінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлікте ер адам болған, ол - марқұмның танысы", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



Полицейлердің мәліметінше, ұсталған ер адам мас күйде болған.

"Ұсталған Б. есімді 1989 жылғы азамат масаң күйде болғанын, танысымен жанжалдасып, салдарынан оны тұншықтырғанын мойындады. Бүгінде адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы өкілдері.