Соңғы бес жылда елімізде интернет-алаяқтық фактісі 10 есе өсті – Бас прокуратура

2022-05-05 12:20:21
Статистика бойынша, интернет-алаяқтардың саны 2017 жылғы 2 мыңнан 2021 жылы 21 мыңға дейін артты. Бұл туралы ақпарат ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.


Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.


Ведомствоның мәлімдеуінше, уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі болады екен. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады.

Прокуратура өңірлерде осындай іспен айналысқан қылмыстық топтар ұсталғанын атап өтті.

Шымкентте өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған 5 адам қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы азаматтарға несие беріп, несие қаражатын иемденіп отырған.

Бас прокуратура ұсынған интернет-алақтардан сақтану жолдары:

онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартыңыз;

банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз;

банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңы;

күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз;

танымайтын адамға ақша аудармаңыз.

Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласу қажет.

 

Последние новости

05.05.2022
МИД Казахстана начал процесс по включению Тиграна Кеосаяна в список персон нон грата
05.05.2022
«Лаборатория Касперского»: на каждом третьем промышленном предприятии отключают защитное решение, если оно мешает производственным процессам
05.05.2022
Ержан Ертаев назначен руководителем Экибастузской ГРЭС-1
05.05.2022
Едил Копенов назначен гендиректором «АлматыЭнергоСбыт»
05.05.2022
«Kaspersky»: әрбір үшінші өнеркәсіптік кәсіпорында өндірістік процестерге кедергі келтіретін қорғаныс шешімі өшіріледі
05.05.2022
Сенат вернул поправки по референдуму в мажилис
05.05.2022
Биыл бюджетке 10,2 трлн теңге түседі – министр
05.05.2022
Қазақстан утилизация алымының коэффициенттерін екі есе азайтты