Перуде әйел адам өзінің жерлеу рәсімінде көзін ашып, тірі екенін білдіру үшін табытын ұрған. Енді әйел адамның туыстары команы өліммен шатастырып алған медицина қызметкерлерін сотқа бермек, - деп хабарлайды Daily Mail.
Басылым мәліметінше, 36 жастағы әйел Роза Изабель Сеспеде Каллака күйеубаласымен және інілерімен жол апатына түскен. Салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған, ал Роза мен інілері ауруханаға жеткізілген. Артынша дәрігерлер әйел адам қайтыс болғанын айтқан.
Жерлеу рәсімі кезінде Розаның туыстары табыттан дауыс шығып жатқанын естіген.
"Табытты ашқанымызда Роза көзін ашып жатыр, терлеп кеткен", - дейді туыстарының бірі.
Олар бірден полиция мен дәрігерлерді шақырған. Дәрігерлер Роза тірі екенін растаған. Аппаратқа қосылғаннан кейін Розаның жағдайы жақсара бастаған. Бірақ артынша жағдайы қайтадан нашарлап, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған.
Розаның туыстары дәрігерлер дұрыс диагноз қоймағанына және уақытында көмек көрсетудің орнына мәйітханаға апарып тастағанына наразы. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер бұл кома екенін нақты айтпай, Роза қайтыс болғанын айтқан.
Бүгінде полицейлер тергеуді бастаған.
Қайтыс болған әйел адам жерлеу рәсімінде көзін ашып, табытын ұрып, белгі берген
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
05.05.2022
Шымкентте зейнеткерлерді соққыға жыққан полицей жазаланды
05.05.2022
Нұр-Сұлтанда ерекше жол апаты видеоға түсіп қалған
05.05.2022
Алматы облысында жол бойында көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі адам қаза тапты
05.05.2022