Ақтауда полицейлер жол апатына ұшырады

2022-04-30 12:20:26
Ақтауда патрульдік көлік жүргізушісі жол апатына ұшырады. Бір адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


"30 сәуірде түнгі сағат 02.30-да Ақтаудағы 5, 6, 7 және 8-ші шағынаудандардың қиылысында патрульдік автомобиль мен Hyundai Accent маркалы автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды.

Апат салдарынан екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Апат болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.


Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық сараптама тағайындалды.